×

Жеңіл атлет Нора Джеруто допинг қолданды деген күдікке ілікті

Егер күдік расталса, ол әлем чемпионатының алтын жүлдесін қайтарып береді

 Дастан Жұмабекұлы 08.04.2023 | 10:53
фото: ашық дереккөз

Қазақстан азаматтығын алған жеңілатлет Нора Джеруто допинг қолданды деген күдікке ілікті.

Mozzartsport порталының хабарлауынша, жеңілатлет допинг қолданды деп айыпталып, жарыстарға қатысудан уақытша шеттетілді.

Джеруто жеңіл атлетиканың допингке қарсы ережелеріне немесе адалдық кодексіне сәйкес өтетін тыңдауда соңғы шешім қабылданғанға дейін кез келген жарыстан уақытша шеттетіледі. Егер оның допинг қолданғаны расталса, ол әлем чемпионатының алтын жүлдесін қайтарып береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама