Балалар арасында қызылша ауруы тарап жатыр – ДСМ
Бүгінде 100 дерек тіркелген
Қазақстанда балалар арасында қызылшаны жұқтыру дерегі жиілеген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қазір балалар арасында қызылша ауруы тарап жатыр. Инфекция ауа арқылы тарауда. Ауруды жұқтырудың алғашқы деректері шетелден (Түркия, Ресей Федерациясы) келгендер мен туристерден анықталды. Осылайша, балалар ауруды жұқтырып, ауыра бастады. Көбіне екпе алмаған балалар ауырды. Оларда ауруға қарсы иммунитет болмаған, - деді министр Мәжіліс кулуарында.
Министрдің айтуынша, бүгінде қызылшаға қарсы екпе алмаған балаларды вакцинациялау жүргізіліп жатыр.
«Сондай-ақ ауру жұқтырған балаларды ерте анықтау, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізілуде... Қазақстан бойынша ауру жұқтырудың 100 дерегі тіркелді. Әзірше, эпидемия басталған жоқ», - деді Ажар Ғиният.
Айта кетейік, Қазақстанда дәрігердің кәсіптік жауапкершілігі сақтандыру жүйесіне енгізілмек.