Елімізге Әзербайжан президенті ресми сапармен келеді

Дәурен Ерболат

Кездесуде стратегиялық серіктестікті дамыту мәселесі қаралады

Фото: AFP

Биыл 10 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Әзербайжанның президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.

Астанада қос елдің президенттері шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.