Белгілі бапкер матч кезінде көз жұмды

Халық үні

Бапкерге фельдшер алғашқы көмек көрсеткенімен, оны құтқара алмаған

Фото: pixabay.com

Белгілі баскетбол бапкері Далибор Дестанович матч кезінде жүрегіп тоқтап, көз жұмды, деп хабарлайды румыниялық Observator басылымы.

«Феникс» жастар командасын жаттықтырған Далибор Дестанович төртінші сәуір күні матч кезінде есінен танып қалған. Көрермендер бірден жедел жәрдемді шақырған. Алайда оқиға орнына келген медициналық көліктің ішінде дәрігер болмаған.

Бапкерге фельдшер алғашқы көмек көрсеткенімен, оны құтқара алмаған.

Қазіргі уақытта Румыния полициясы қайғылы жағдайға байланысты тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.