«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды
Ол былтыр 7 қаңтарда ұсталған
«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 маусымға ұзарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 сәуірдегі хабарламасына сәйкес, соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде Д.-ның қамауда ұстау мерзімін тағы 2 айға (2023 жылғы 7 маусымға дейін) ұзартуға санкция берілді, – деп жазылған Алматы қаласының соты таратқан хабарламада.
Еске сала кетсек, Арман Жұмагелдиев 2022 жылғы қаңтарда Алматыда ұсталған болатын. Сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде оның ҰҚК-дегі куратордың нұсқауымен жұмыс істегені белгілі болды.