Арабтар Мессиге жылына 400 млн еуро жалақы ұсынды

Дастан Жұмабекұлы

Ал әлемнің үздік футболшысы «Барселонаға» қайта барғысы келеді

фото: ашық дереккөз

Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» клубы Аргентина ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» командасының шабуылшысы Лионель Мессиге жылына 400 млн еуро жалақы ұсынды.

Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо Twitter-де хабарлады.

Месси ұсынысқа әлі жауап берген жоқ. БАҚ хабарлауынша, ол әлі де Еуропада ойнағысы келеді. Оған қоса, аргентиналық шабуылшы «ПСЖ»-мен келісімшартын ұзартуға да келіспей отыр. Кейбір дерекке қарағанда, Месси «Барселонаға» ауысуы мүмкін.