Шегірткеге қарсы күрес: республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінді

Халық үні

Pbzyrtc қазірдің өзінде Түркістан облысында пайда болған

photo @ Eduard Korniyenko/Reuters

Биыл үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресуге республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Мамандардың болжамынша, шегіртке 1,6 млн га аумаққа таралуы мүмкін. Бүгінгі таңда 385,3 мың га алаңда пестицидтердің қажетті қоры бар.

Аумақтарды өңдеуге мамандандырылған техника, оның ішінде жер үсті және әуе көлігі жұмылдырылады.

Қазірдің өзінде Түркістан облысында мароккалық шегіртке дернәсілдерінің пайда болғаны анықталды. Аймаққа пестицидтер толығымен жеткізілді. 8-9 сәуірде өңдеу іс-шараларын бастау жоспарланып отыр.

Басқа аймақтарда жерді химиялық өңдеу жұмыстары шегірткелердің таралу ошақтары анықталған кезде басталады.

Одан бөлек, көршілес мемлекеттермен шекаралас аумақтарда бірлескен зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Қазақстанның АШМ мамандары Ресей, Қытай және Өзбекстан мемлекеттеріндегі әріптестерімен алдын ала келісті.