Бұл істе өтірік куәлік еткен Нұрасыл Болаттың досы сөз болып отыр
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы соққыға жыққан алматылық заңгерлер Анна Дмитриевич пен Олег Чернов тағы бір адамды қылмыстық жауапкершілікке тартпақшы, деп хабарлады Orda.kz.
Бұл істе өтірік куәлік еткен Нұрасыл Болаттың досы сөз болып отыр.
«Ол Нұрасыл Болаттың досы. Төбелес кезінде оның жағында болды. Тергеу кезінде оқиғаға қатысты өтірік айтты. Сол үшін заң алдында жауап беруі тиіс», - деді Дмитриевич.
Айта кетейік, бұған дейін соққыға жығылған заңгерлер Дәулет Тұрлыхановтың ұлына талап қойғаны хабарланды.