×

Ресейде жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Салдарынан отыз адам жарақат алды

 Халық үні 04.04.2023 | 07:53
фото: bbc

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында дәмханада жарылыс болды. Қайтыс болып, жарақат алғандар бар, деп хабарлайды Qazaqstan TV. 

Телеарна хабарлауынша, бір тұрғын қаза тауып, отыз адам жарақат алды. Олардың ішінде 14 жасар қыз бала бар. Алты адамның жағдайы өте ауыр.

Жарылыс кафеде патриоттық акцияны өткізу барысында болды. Қолдан жасалған жарылғыш зат кешкі алтыдан он бір минут кеткенде жарылған. Қазір қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер іздестірілуде, дейді Санкт-Петербург қаласының прокуроры Виктор Мельник. 

Құзырлы органдардың хабарлауынша, жарылысқа 1997 жылғы Санкт-Петербург қаласының тұрғыны қатысты болуы мүмкін. Өйткені ол дәмханаға қолдан жасалған мүсінді алып кіріп, қайтыс болған адамға сыйлаған. Жарылғыш зат сол мүсіннің ішінде болған дейді мамандар.

Жалпы осыдан алты жыл бұрын дәл осы күні Санкт-Петербург қаласындағы метрода теракт ұйымдастырылып, 15 адам қаза болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама