×

Роман Скляр премьер-министрдің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды

Ол 2022 жылдың қаңтарында премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымын атқарып келеді

 Халық үні 03.04.2023 | 16:10
Роман Скляр, фото: gov.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Роман Скляр ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Роман Васильевич бұған дейін де бірінші вице-премьер лауазымын атқарып келді.

Роман Васильевич Cкляр 1971 жылы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.

2005-2006 жылдары Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, аппарат жетекшісі, 2006-2007 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Одан кейін Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық (басқарма басшысы) департаментінің директоры болды.

2008 жылғы қазан айынан 2010 жылғы қараша айына дейінгі мерзімде Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет еткен.

2011 жылғы 17 мамырдан 2013 жылғы қазан айына дейін көлік және коммуникация вице-министрі, 2014-2016 жылдары ҚТЖ АҚ вице-президенті болған.

2016 жылғы наурызда Мәжіліс депутаты болып сайланды, Экономикалық реформа және аймақты дамыту комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

2016 жылғы мамыр айында Ұлттық экономика вице-министрі болды.

2016 жылғы 23 желтоқсанда Инвестициялар және даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. 2019 жылы ақпаннан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі.

2019 жылғы 25 ақпаннан бастап 2019 жылдың қыркүйегіне дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарды.

2019 жылдың қыркүйегінде ҚР премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

2022 жылдың қаңтарында премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама