×

Санкт-Петербургте дәмханадағы жарылыста соғысты насихаттаған журналист қаза тапты

Соғысты насихаттаған блогер әрі әскери журналист Владлен Татарский қаза тапты

 Халық үні 03.04.2023 | 08:48
Фото: ria.ru

Санкт-Петербургте Университетская көшесіндегі дәмханада жарылыс болып, соғысты насихаттаған блогер әрі әскери журналист Владлен Татарский қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресейдің Ішкі істер министрлігі Владлен Татарскийдің Петербургте қаза тапқанын растады. Жарылғыш заттың қуаты 200 грамм тротилден астам болған.

Қала губернаторының мәліметі бойынша, 25 адам зардап шеккен, оларға билік тарапынан қажетті көмек көрсетілуде.

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, ауруханаларға түрлі дене жарақатымен 24 адам жеткізілген, олардың арасында бір жасөспірім бар, алты адамның жағдайы өте ауыр.

Татарскийге сол жерде «Арнайы ақпарат саласындағы еңбегі үшін» деген статуэтка табыс етілген. Жарылғаш зат сол статуэтканың ішіне жасырылған дейді кейбір дереккөздер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама