Алматы ТЖД қалада сезілген жер сілкінісіне қатысты мәлімдеме жасады
Қазіргі уақытта жағдай тұрақты
Алматыда 2 балдық жер сілкінісінен қираған немесе бүлінген ғимараттар болған жоқ. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, тиісті мемлекеттік мекемелерге хабарламалар жіберілген соң бүлінген немесе қираған ғимараттардың байқалмағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты.
Сондай-ақ, Сейсмология институтының мәліметінше, бүгінгі жер сілкінісі фондық санатқа жатады, мұндай әлсіз сілкіністен соң афтершок болмайды.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілгені хабарланды.