×

Торнадо құйыны 26 адамның өмірін жалмады

Бұған дейін Арканзас штатында 600 адам зардап шегіп, 18 адамның қаза тапқаны хабарланған

 Еркеғали Болатұлы 02.04.2023 | 17:33
фото: paudal.com

АҚШ-тың оңтүстігі мен орталық батысындағы аудандарында болған торнадодан 26 адам қаза тапты. Бірнеше штатта үйлер қирап, мыңдаған адам жарықсыз қалды.

Washington Post басылымының мәліметінше, торнадо туралы 60 хабарлама тіркелген. Сондай-ақ табиғи апаттан 9 штат зардап шегіп отыр. Адамдар Арканзас, Теннесси, Иллинойс, Индиана, Алабама мен Миссисипиде қаза тапқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, Арканзаста 5 адам қаза тапқан. Тағы 7 адам Теннесиде, төртеуі Иллинойста және үшеуі Индианада көз жұмды. Алабама мен Миссисипидегі құрбандар туралы да хабарланды.

Арканзас губернаторы Сара Сандерс штатта төтенше жағдай жариялап, қалпына келтіру жұмыстарына ұлттық гвардия тартылған.

Бұған дейін Арканзас штатында болған екі торнадодан 600 адамның зардап шеккені және 18 адамның қаза тапқаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама