Астанада істен шыққан эскалатор адамдармен қоса құлады (ВИДЕО)

Наима Нұрәлі

Соның салдарынан 3 адам зардап шекті

фото: kazpravda.kz

Төтенше жағдай кезінде эскалатор үстінде жиырмаға жуық адам болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, эскалатор 3-қабаттан 2-қабатқа құлаған. Оқиға кезінде эскалаторда 20-ға жуық адам болды. Апат салдарынан ересек 2 адам мен 1 бала жеңіл жарақат алды, – деп хабарлады ТЖМ-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Ресми мәліметке сүйенсек, дәрігерлердің қарауынан кейін тұрғындар үйлеріне жіберілген.