Соның салдарынан 3 адам зардап шекті
Төтенше жағдай кезінде эскалатор үстінде жиырмаға жуық адам болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, эскалатор 3-қабаттан 2-қабатқа құлаған. Оқиға кезінде эскалаторда 20-ға жуық адам болды. Апат салдарынан ересек 2 адам мен 1 бала жеңіл жарақат алды, – деп хабарлады ТЖМ-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Ресми мәліметке сүйенсек, дәрігерлердің қарауынан кейін тұрғындар үйлеріне жіберілген.