Halyq Uni логотип
×

Былтыр еңбек қауіпсіздігі саласы бойынша 119 басшы қызметінен босатылған

Өндірісте жазатайым оқиға жұмыстың тиісті деңгейінің ұйымдастырылмауы салдарынан болады

 Дәурен Ерболат 31.03.2023 | 13:24
Былтыр еңбек қауіпсіздігі саласы бойынша 119 басшы қызметінен босатылған
Фото: kazpravda.kz

2022 жылы жұмысшылардың еңбек жағдайын жасамағаны үшін 119 басшы қызметінен босатылды. Бұл туралы ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы, бас еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, 2021 жылы 1 млн 600 мың жұмысшының 375 мыңы (22,8%) зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтіні анықталған.

Сол жылы зиянды еңбек жағдайында еңбек еткені үшін 681 мың жұмысшыға 167 млрд-тан аса теңгеге өтемақы төленген. Бұл – 2020 жылмен салыстырғанда 19%-ға артық.

«Мемлекеттік бақылау нәтижесінде заңбұзушылықтардың 30%-дан астамы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне тиесілі екені анықталды. 2022 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша заңбұзушылықтардың 2 771 фактісін тіркеді.

Негізгі заңбұзушылықтар төмендегідей:

  • Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етпеу (544 дерек немесе 19,6%);
  • Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен және арнайы аяқкиіммен қамтамасыз етпеу (179 дерек немесе 6,5%);
  • Еңбек қауіпсіздігі бойынша жұмысшыларға оқыту процесін жүргізбеу (306 дерек немесе 11%).

Жазатайым оқиғаның негізгі себебі өндірістегі жұмыстың қанағаттанарлықсыз деңгейде ұйымдастырылуы және жәбірленушінің өрескел абайсыздығы болып саналады, - деді Төлеген Оспанқұлов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол былтыр жұмысшылардың еңбек жағдайын жасамағаны үшін басшылар қызметінен босатылғанын атап өтті.

2022 жылдың қорытындысы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңбұзушылықтар үшін 119 лауазымды тұлға лауазымынан босатылды. Құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғалар бойынша 1094 материал жіберілді. Олар бойынша 192 қылмыстық іс қозғалды, - деді бас еңбек инспекторы.

Еске сала кетсек, былтыр өндірісте 21 адам көз жұмған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама