Тексеру барысында шектен тыс делдалдық фактілері анықталды
СҚО-да макарон өнімдерінің бағасы 490 теңгеден 355 теңгеге дейін арзандады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ҚМА-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс әкімдігі жанындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өткізудегі делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның аясында шектен тыс делдалдарды анықтау бойынша талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сараптама барысында басқармамен макарон өнімдерін өндірушіден тікелей сауда субъектілеріне 2-3 аффилирленген делдалдар арқылы өткізуде шектен тыс делдалдық фактілері анықталды. Бұл өнімнің түпкілікті құнының өсуіне әсер етті. Басқарманың бастамасымен уәкілетті орган өндірушіге оның іс-әрекетінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама жіберді.
Бүгінде өндіруші хабарламаны толығымен орындады. Бірлескен алдын алу жұмыстарының нәтижесінде негізсіз делдалдарды жойып, өнімді тікелей облыс кәсіпкерлеріне жеткізуге қол жеткізілді.
Дүкендер мен супермаркеттер желісінде бұл өндірушінің макарон өнімдерінің бағасы 490 теңгеден 355 теңгеге дейін арзандады. Төмендеу шамамен 40%-ды құрады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.