×

Бұрынғы вице-министр спортшыларды олимпиадаға дайындайды

Ол спорт саласында түрлі қызметтер атқарған

 Дәурен Ерболат 31.03.2023 | 09:35
Фото: Sputnik

Бұрынғы вице-министр Серік Жарасбаев «Алматы» олимпиадаға дайындық орталығының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Серік Жарасбаевқа Ханчжоудағы жазғы Азиада мен Париждегі Олимпиада қарсаңында спортшылардың дайындығын күшейтуді тапсырды.

Министр 39 жастағы Серік Жарасбаевтың спорттың түрлі саласында: жас спортшыларды жаттықтырудан бастап, министрліктің қолдауымен ауқымды жобаларды іске асыруға дейінгі бай тәжірибесін ерекше атап өтті.

Айта кетейік, Серік Жарасбаев 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде және Ресей халықаралық олимпиада университетінде білім алған. Мамандығы – Дене шынықтыру және спорт, мемлекеттік және жергілікті басқару, спорттық әкімшілендіру.

  • 2006-2007 жылдары Петропавлдағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы-спортшы болып жұмыс істеді.
  • 2007-2010 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, оқу-спорт бөлімінің басшысы.
  • 2011-2012 жылдары Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, инновациялық технологиялар және білім басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы, СҚО Туризм, дене шынықтыру басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
  • 2012-2014 жылдары Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің Жазғы спорт түрлері басқармасының басшысы, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
  • 2014-2018 жылдары – МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2018-2019 жылдары МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
  • 2019-2021 жылдары – МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2021 жылы – «Қазақстан керлинг, едендегі керлинг және петанг федерациясы» РҚБ бірінші вице-президенті.
  • 2021-2023 жылдары Мәдениет және спорт министрінің орынбасары қызметін атқарды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама