Қарағандыда моншадан өрт шықты

Дастан Жұмабекұлы

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Бүгін сағат 12:08-де Қарағанды қаласында Мұқанов көшесінде орналасқан қоғамдық моншадан өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, екі қабатты Қарқаралы монша кешенінің ғимаратындағы бу бөлмелері өртенген. Тілсіз жау 60 шаршы метр аумақты алып кеткен.

Өрт сағат 12:59-да сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері келгенге дейін 10 адам моншадан шығарылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.