Павлодар облысында 3 көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

Дәурен Ерболат

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Фото: Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Екібастұзда 3 көлік соқтығысты, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға 29 наурызда кешкі сағат 20:15 шамасында қаладағы Әуезов-Абай көшелерінің қиылысында болған. Nissan Primera, Mitsubishi Delica және Chevrolet Cobalt көліктері соқтығысқан.

Көлік апаты салдарынан Chevrolet Cobalt аударылды. Онда отырған 2 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды, - деп жазылған хабарламада.