×

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

2 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді

 Халық үні 28.03.2023 | 22:41
Фото: kazpravda.kz

Жетісу ауданы Ақсу елдімекенінің маңында жантүршігерлік жол-көлік апаты болды. Салдарынан 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарна хабарлауынша, Toyota Camry мен Kia Rio жеңіл автокөліктері Алматы-Өскемен тас жолында 406 шақырымында соқтығысқан. 2 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«Корей шетелдік көлігін 40 жастағы әйел, ал Toyota Camry көлігін 39 жастағы ер адам басқарған. Жүргізушілердің бірі рульді басқара алмай көлік қарсы жолаққа шығып кеткен. Тағайындалған сараптамалардың қортындысы бойынша, тергеу барысында жол апатына кінәлі адам анықталады», - деді Жетісу ауданы ПД ресми өкілі Меруерт Морякова. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама