×

Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 1 100 азаматқа несие беріледі

Бастапқы жарна – 10%, пайыздық мөлшерлемесі – 5%

 Дастан Жұмабекұлы 28.03.2023 | 09:13
фото: egemen.kz

Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 1 100 азаматқа несие беру жоспарланып отыр. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ Алматы бойынша директоры Данагүл Түсіпова өңірілік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

Оның айтуынша, 2017 жылдан бастап қалада «Алматы жастары» жеңілдетілген бағдарламасы іске асырылып келеді. Ол барлық өңірде аймақтық бағдарламалардың іске қосылуына негіз болды. «Елорда жастары», «Алатау жастары» бағдарламалары бар.

Бұл жерлерде несие беру шарттары әртүрлі. Мысалы, «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша білім, денсаулық сақтау, мәдениет, БАҚ, спорт, ғылыми-зерттеу институттары, құқық қорғау органдары сияқты 7 салада еңбек етіп жүрген 35 жасқа дейінгі жастарға несие беріледі.

Биыл өзгерістер жоспарланған. Енді Алматы қаласының әкімдігі бағдарламаға өзгерісті мақұлдаса, 1 100 азаматқа несие беріледі. Бұл бағдарлама бойынша бастапқы жарна – 10%, пайыздық мөлшерлемесі – 5%.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама