Halyq Uni логотип
×

«Қызбалыққа салынып кеттім»: Бибісара Асаубаева кешірім сұрады

Бұл бәрімізге сабақ болуы тиіс, дейді ол

 Халық үні 27.03.2023 | 08:48
«Қызбалыққа салынып кеттім»: Бибісара Асаубаева кешірім сұрады
фото: ашық дереккөзден

Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы әріптесі Жансая Әбдімәлікке қатысты айтқандары үшін кешірім сұрады. 

«Кеше мен айтқан бір эпизод жағдайды өршітіп жіберді. Енді бәріміз не істейтінімізді білмей жатырмыз. Кеше аздап қызбалыққа салынып кеткен шығармын. Сол үшін көптеген хейтке де тап болдым. Әрине, ақылға салып, салқынқандылық танытудың орнына эмоцияға берілген кезде оның өз әсері болады. Бұл бәрімізге сабақ болуы тиіс. Шахматшы алдағы бірнеше қадамын ойланып жүруі керек. Бірінші кезекте бұл өмірде де маңызы зор. Ондағы қатенің бағасы шахмат тақтасына қарағанда әлдеқайда жоғары. Егер мен қателессем, мойындауға дайынмын», - деп жазды ол. 

Ол осы ретте өзінің қалауын да жасырмады. Яғни Нью-Делиде болып жатқан келеңсіздіктер енді ешқашан еш жерде қайталанбау керек екенін айтты. Ал тек өзі әдеттегідей ойынын ойнап, рекордтарын орнатып, жақындарын қуантып, Қазақстанның атын әлемге таныта беруді ғана көздейтінін жеткізді.

«Қасиетті Рамазан айында таза ниет ғана болуы қажет. Егер біреуді қорлаған болсам, кешірім сұраймын. Менің біреудің ар-намысына тиемін деген ойым болған жоқ. Оған лайықты құрмет көрсетілсін», - деп жазды блиц-шахматтан екі дүркін әлем чемпионы.

Айта кетейік, бұған дейін Бибісара Асаубаеваның Жансая Әбдімәлікті сынағанын жазған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама