×

«Дикий Арманның» қамауға алу мерзімі тағы да ұзартылды

Арман Жұмагелдиевке бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр

 Ербол Тұрымбет 05.04.2022 | 14:55
Арман Жұмагелдиев, фото: ашық дереккөзден

Қоғамда «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын мәлімдеді.

4 сәуірде Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2022 жылдың 7 маусымына дейін ұзартты, - деді Абай Жарылқасын.

Бас прокуратура мәліметінше, Арман Жұмагелдиев келесі баптар бойынша күдікті ретінде қамауға алынған:

  • Қылмыстық кодекстің 287-бабы 4-бөлігі (Ататын қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды адамдар тобының алдын ала сөз байласу бойынша немесе бірнеше рет заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру);
  • Қылмыстық кодекстің 272-бабы (Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру);
  • Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып «Адамды бас бостандығынан заңсыз айыру»).

Бұған дейін Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров «Дикий Арман» тобы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама