Түркістан қаласында 11 жастағы қыз жоғалып кетті

Еркеғали Болатұлы

Бойы – 130-135 см, шашы ұзын, қою қоңыр түсті

фото: дереккөз

Түркістан қаласының полициясы 11 жастағы қыз баланы іздестіріп жатыр, деп хабарлады Рolisia.kz.

Інжу 2012 жылы туған. Бойы – 130-135 см, шашы ұзын, қою қоңыр түсті. Үстінде жейде, қара джинс шалбар, аяғында қара түсті спорттық аяқ киім болған, - делінген полиция мәліметінде.

Іздеу жарияланған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 8-725-33-97-40-94, 8-747-497-42-24, 8-701-480-78-88 нөмірлері бойынша немесе 102 арнасына хабарласу маңызды.