Дзюдошы Мағжан Шамшадин «Үлкен дулыға» турнирінде қола жүлдегер атанды

Дастан Жұмабекұлы

Бұл - оның жарыстағы екінші медалі

фото: Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Дзюдошы  Мағжан Шамшадин Грузияның астанасы - Тбилисиде өтіп жатқан «Үлкен дулыға» турнирінде қола жүлдегер атанды. Ол 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күресте отандасы Қанат Сейілханды ұтты. Бұл – оның «Үлкен Дулыға» турниріндегі екінші қола жүлдесі. Мағжан Шамшадин іріктеу кезеңінде кипрлік жəне өзбекстандық дзюдошыны жеңген.

Ширек финалда грузиялық спортшыға есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде португалиялық Родриго Коста Лопестен айласын асырды.