Танымал қазақ балуанын пышақтап кетті

Халық үні

Істі полиция департаменті тексеріп жатыр

фото: ашық дереккөзден

Моңғол елінде мемлекеттік піл дәрежелі балуан атағына ие Серік Бердімұратұлы пышақ жарақатын алды. 

News.mn сайтының мәліметінше, оқиға 13 наурызда болған. Жанжал Баянхонгор аймағында Серік Бердімұратұлы мен Б. есімді азаматтың арасында туындаған.

Белгілі болғандай, спортшының қолы тілінген.

Істі Баянхонгор аймағының полиция департаменті тексеріп жатыр.