«24 елде тарап жатыр»: ДДСҰ тырысқақ ауруының өршуіне байланысты мәлімдеме жасады

Халық үні

Ауруға қарсы тиімді вакцина жоқ

Фото: АГН «Москва» / Сергей Ведяшкин

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде тырысқақ ауруы кең тарауы мүмкін екенін ескертті.

Бұған індет ошақтарының көбеюі себеп. Оған қоса ауруға қарсы тиімді вакцинаның жоқтығы – үлкен мәселе.

Ұйымның ақпан айында жарияланған көрсеткішінен кейін тағы 4 мемлекетте ауру өршіп тұр.

Осылайша, әлем бойынша 24 елде тырысқақ ауруы кең тарап жатыр.