Ертіс өзенінен ер адамның мәйіті табылды

Халық үні

20 наурызда түнде Павлодар қаласының құтқару қызметі Ертіс өзенінен ер адамның мәйітін тапты

Фото: egemen.kz

20 наурызда түнде Павлодар қаласының құтқару қызметі Ертіс өзенінен ер адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

«20 наурыз күні сағат 22:23-те «112» пультіне Павлодар-Ленинский автокөпірінің астындағы мұздан мәйіт байқалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар шақырту орнына жеткен кезде азиялық ер адамның жансыз денесі табылды», - делінген хабарламада

Өлімнің себептері анықталуда.