20 наурызда түнде Павлодар қаласының құтқару қызметі Ертіс өзенінен ер адамның мәйітін тапты
20 наурызда түнде Павлодар қаласының құтқару қызметі Ертіс өзенінен ер адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.
«20 наурыз күні сағат 22:23-те «112» пультіне Павлодар-Ленинский автокөпірінің астындағы мұздан мәйіт байқалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар шақырту орнына жеткен кезде азиялық ер адамның жансыз денесі табылды», - делінген хабарламада
Өлімнің себептері анықталуда.