Алматы, Астана, Қызылорда қалаларында және Түркістан облысында да жер сілкінісі сезілді

Халық үні

Алматы, Астана, Қызылорда қалаларында және Түркістан облысында 2 балдық жер сілкінісі сезілген

Фото: mail.kz

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС Алматы, Астана, Қызылорда қалаларында және Түркістан облысында 2 балдық жер сілкінісі сезілгенін хабарлады.

«МSК-64 шкаласы бойынша Шымкент, Тараз қалаларында зілзаланың сезілуі 3 балды құрады. Алматы, Астана, Қызылорда қалаларында және Түркістан облысында 2 балдық жер сілкінісі сезілген», - делінген хаабрламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдан 848 шақырым қашықтықта болған жер сілкінісі Тараз бен Шымкентте сезілгені хабарланды.