Тараздық полицейлер жоғалып кеткен 6 жасар ерекше баланы тапты

Халық үні

Бала аман-есен табылып, ата-анасына табысталды

Фото: yvision.kz

21 наурыз күні полицейлерге мөлтек аудандардың бірінде 6 жасар ерекше баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті, деп хабарлады polisia.kz.

Кәмелетке толмаған баланы іздеу жұмыстарына шұғыл түрде патрульдік полиция батальонының 5 автоэкипажы, 70 полиция қызметкері жұмылдырылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бала аман-есен табылып, ата-анасына табысталды.

Жоғалған баланың анасы тәртіп сақшыларына алғыс айтты.