Бала аман-есен табылып, ата-анасына табысталды
21 наурыз күні полицейлерге мөлтек аудандардың бірінде 6 жасар ерекше баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті, деп хабарлады polisia.kz.
Кәмелетке толмаған баланы іздеу жұмыстарына шұғыл түрде патрульдік полиция батальонының 5 автоэкипажы, 70 полиция қызметкері жұмылдырылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бала аман-есен табылып, ата-анасына табысталды.
Жоғалған баланың анасы тәртіп сақшыларына алғыс айтты.