Өскемен әуежайын полицейлер қоршауға алды

Халық үні

Мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына барды

фото: polisia.kz

Өскемен қаласында полиция қызметкерлері күдік тудырған сөмкеге байланысты әуежайды қоршауға алды, деп хабарлайды ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, 20 наурызда Өскеменде күдік тудырған сөмкеге орай әуежай қоршауға алынды.

«Қалалық ПБ полиция қызметкерлері әуежай тұрағын патрульдеу барысында күдікті қара сөмкені тапқан. Сигналды алғаннан кейін мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына барды. Тексеру нәтижелері бойынша қандай да бір қауіпті заттар табылған жоқ», - делінген ақпаратта.