Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы анықталды

Дастан Жұмабекұлы

Қазақ файтері америкалық Белал Мұхаммедпен кездеседі

фото: ашық дереккөз

UFC президенті Дэйна Уайт Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласын атады. Ол Лондонда Леон Эдвардс пен Камару Усман арасындағы жекпе-жектен кейін қазақ файтерінің келесі қарсыласы америкалық Белал Мұхаммед болатынын айтты.

UFC рейтингінде алтыншы орында тұрған қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов төртінші жартылай ауыр салмақтағы америкалық Белал Мұхаммедке қарсы жекпе-жекке шығады, – деді Дэйна Уайт баспасөз мәслихатында.

Ал Лондондағы UFC 286 турнирінің басты жекпе-жегінде британдық Леон Эдвардс Камару Усманды жеңді. Айта кетсек, оның екеуі де Шавкат Рахмоновқа ықтимал қарсыластар тізімінде болған еді.