Басқа елдермен тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бойынша жұмыс жалғасады
«Әзербайжан әуежолдары» авиакомпаниясының ұшақтары Бакуден Алматыға ұша бастады, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.
Қос қала арасында әуе рейсі министрліктің қолдауымен ашылды. Ұшақтар Бакуден Алматыға аптасына 2 рет (сейсенбі, жұма) ұшады.
16 наурызда «Әзербайжан әуежолдары» авиакомпаниясы дүйсенбі және бейсенбі күндері Бакуден Астанаға, ал сейсенбі және жұма күндері Астанадан Бакуге ұшатын рейсті ашқан, - деп жазылған хабарламада.
Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспековтің айтуынша, Алматы – Орталық Азиядағы ең ірі және дамыған қаланың бірі.
Шаһар туризм жағынан да тартымды. «Әзербайжан әуежолдарының» өкілдері бұл пікірмен келіседі. Министрлік басқа елдермен тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады, - деді ол.
Бұған дейін Астана мен Баку қалалары арасындағы рейстер санының артатыны хабарланған еді.