Алматыда жеңіл көлік көпірден құлап кетті

Халық үні

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады

Фото: видеодан алынды

Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Күдерин көшесіндегі көпірден Toyota көлігі құлап кетті. Салдарынан бірнеше адам зардап шекті.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта жүріп келе жатқан Volkswagen көлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде Toyota көлігімен соқтығысқан. Ол көпірдің тірегіне соғылып, жолдан шығып кетіп, аударылған.

«Toyota көлігінде жүргізуші мен бес жолаушы болған. Олар медициналық тексеруден өту үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады»,- деп хабарлады ведомство.