Бүгінде қазақстандықтардың 53,11%-ы дауыс берді
Бүгінде Қызылорда, Қостанай, Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындары сайлауға белсенді қатысуда. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Астана уақытымен сағат 16:00-дегі жағдай бойынша дауыс беру нәтижесі төмендегідей:
Жалпы сағат 18:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 390 046 азаматы бюллетень алды. Бұл – тізімге енгізілген азаматтардың 53,11%-ы, - деді Шавкат Өтемісов.
Қазақстанда 12 миллионнан аса адамның дауыс беруге құқығы бар.
Айта кетейік, бұған дейін 6,2 млн қазақстандықтың сайлауға қатысқаны хабарланған.