Halyq Uni логотип
×

Қай облыстың тұрғындары белсенді дауыс беріп жатыр

Бүгінде қазақстандықтардың 53,11%-ы дауыс берді

 Дәурен Ерболат 19.03.2023 | 18:40
Қай облыстың тұрғындары белсенді дауыс беріп жатыр
Фото: Halyq Uni

Бүгінде Қызылорда, Қостанай, Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындары сайлауға белсенді қатысуда. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана уақытымен сағат 16:00-дегі жағдай бойынша дауыс беру нәтижесі төмендегідей:

  • Абай облысы – 56,14%
  • Ақмола облысы – 59,49%
  • Ақтөбе облысы – 56,88%
  • Алматы облысы – 59,74%
  • Атырау облысы – 49,19%
  • Батыс Қазақстан облысы – 58,81%
  • Жамбыл облысы – 65,00%
  • Жетісу облысы – 55,07%
  • Қарағанды облысы – 58,85%
  • Қостанай облысы – 65,00%
  • Қызылорда облысы – 65,70%
  • Маңғыстау облысы – 54,04%
  • Павлодар облысы – 58,61%
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 64,46%
  • Түркістан облысы – 51,07%
  • Ұлытау облысы – 58,63%
  • Шығыс Қазақстан облысы – 63,63%
  • Астана қаласы – 40,94%
  • Алматы қаласы – 22,95%
  • Шымкент қаласы– 43,89%

Жалпы сағат 18:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 390 046 азаматы бюллетень алды. Бұл – тізімге енгізілген азаматтардың 53,11%-ы, - деді Шавкат Өтемісов.

Қазақстанда 12 миллионнан аса адамның дауыс беруге құқығы бар.

Айта кетейік, бұған дейін 6,2 млн қазақстандықтың сайлауға қатысқаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама