×

БҚО-да 109 жастағы кейуана дауыс берді

Оның 30 немере, 52 шөбересі бар

 Дәурен Ерболат 19.03.2023 | 16:46
Фото: mgorod.kz

Сайлауда Сырым ауданы Жетікөз ауылынан 109 жастағы кейуана Хамида Несіпқызы дауыс берді, деп хабарлады «Мой город» порталы.

Ол 5 ұл, 3 қыз тәрбиеліп өсірген.

Біздің көргеніміз көп. Соғысты еске алғым келмейді. 100-ден асқанда нағыз байлық, несібе – бейбіт өмір екенін түсіндім. Мен даусымды қазақ елінің тыныштығы мен амандығы үшін бердім, - деді кейуана.

Хамида Несіпқызы 1914 жылы Атырау облысының Айбас ауылында дүниеге келген. Аштық пен соғысты да көрген. Еңбекке ерте араласқан.

1952 жылы Капустин Яр полигоны ашылып, Хамида Несіпқызы жұбайымен бірге Батыс Қазақстан облысына қоныс аударыпты. Ол зейнетке шыққанға дейін ауыл шаруашылығында еңбек еткен.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама