×

Демократизация процесіне куә болып отырмыз – шетелдік бақылаушы

Халық оң өзгерістерді қолдайды

 Халық үні 19.03.2023 | 13:50
Фото: Halyq Uni

Шетелдік бақылаушылар Қазақстанда өтіп жатқан сайлауға қатысты пікір білдірді.

«Бойма» атындағы Азия және жаһандық зерттеулер институтының ғылыми кеңесінің мүшесі, бақылаушы Ежи Олендзкий елімізде маңызды өзгерістер болып жатыр деген пікірде.

Демократизация процесіне куә болып отырмыз. Шындығында Жаңа Қазақстан қалыптасуда. Дауыс берушілердің саны артып, халық өзгерістерге ат салысып жатыр. Қоғамның саясатқа белсенділік танытуы ерекше әсер қалдырды, - деді ол.

Сондай-ақ шетелдік бақылаушы Гленг Холе мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтар да сайлауға белсенді қатып жатқанын атап өтті.

Әр учаскенің атмосферасы ерекше. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар бе белсенділік танытып жатыр. Бұл олардың мемлекет ісіне деген оң көзқараста екенін көрсетеді, - деді Гленг Холе.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама