Мәулен Әшімбаев сайлауды әділ өткізу өте маңызды екенін айтты

Дәурен Ерболат

Сайлауда әркімнің жеңіске жетуге мүмкіндігі бар

Фото: aikyn.kz

Қазақстан қоғамы үшін сайлаудың әділ өтуі маңызды. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол елордада Ұлттық академиялық кітапханадағы №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

«Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар өзекті, сұранысқа ие және қазақстандықтар қойған талапқа жауап береді. Сондықтан сайлауды ашық, әділ және заңға сәйкес өткізу өте маңызды», - деді Мәулен Әшімбаев дауыс берген соң.

Оның айтуынша, биыл бірмандатты округтер бойынша кандидаттардың саны өте көп.

Менің ойымша, Мәжілістің құрамы айтарлықтай жаңарады. Біз бірмандатты округтер бойынша кандидаттардың, оның ішінде жаңа тұлғалардың, жаңа саяси партия өкілдерінің көп екенін көріп отырмыз. Партиялық тізімде 2 жаңа партия бар. Менің ойымша, Мәжіліске көптеген жаңа адам келеді. Алайда қандай да бір сабақтастық болуы керек. Бұл саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Жалпы, соңғы айда байқалған бәсекелестікті көріп, партия мен өзін-өзі ұсынушылардың Парламентке кіруге және Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосуға мүмкіндігі бар деп айтуға болады, - деді Сенат төрағасы.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан азаматтары Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлайды.