Еуропа ресейліктердің Қазақстаннан алған карталарына тыйым салды

Дастан Жұмабекұлы

Visa мен Mastercard қарт құрлықта заңсыз деп танылады

фото: ашық дереккөз

Еуропа одағының мемлекеттері Ресей азаматтарының Қазақстан мен Армениядан алған карталарына тыйым салды.

Еуропаға барған Ресей азаматтары кредиттік карталарды пайдалануда кедергіге ұрынды. Енді Еуропа елдерінде автокөлікті жалға беретін компаниялар ресейліктерден банк картасымен қоса, сол картаны алған елде заңды жүргенін айғақтайтын құжат тапсыруды талап ете бастады. Ресей азаматтары ішінара әскерге жұмылдырудан қашқаннан кейін Visa мен Mastercard карталарын Қазақстан мен Армения сияқты көрші елдерде жасатқан болатын. Енді  аталған карталар да Еуропада заңсыз деп танылып отыр.