Halyq Uni логотип
×

Қазақстандықтардың құқығы шектелмеуі керек – Фолькер Тюрк

Ол елде болып жатқан реформаларға оң баға берді

 Дәурен Ерболат 17.03.2023 | 18:16
Қазақстандықтардың құқығы шектелмеуі керек – Фолькер Тюрк
Фото: Halyq Uni

Қазақстан азаматтарының құқығы шектелмеуі керек. Бұл туралы БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін түстен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, Қазақстанда болып жатқан реформаларды конструктивті түрде талқыладық. Мен оның адам құқығы тақырыбына баса назар аударатынын жоғары бағалаймын. Болашақта Қазақстан азаматтарының фундаменталды құқығы міндетті түрде ескерілуі керек: жеке меншік және билік институттары деңгейде..., - деді Фолькер Тюрк Астанада өткен брифингте.

Ол мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын жеткізді.

«Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары мен Қазақстан Конституциясындағы өзгерістерді қолдаймын. Оның ішінде Конституциялық соттың пайда болуы, омбудсмен кеңсесі жұмысының күшеюі, өлім жазасының жойылуы сынды мәселелер бар...», - деді комиссар.

Бұған дейін Астанаға БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары келетіні хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама