×

Елорадаға БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары келеді

Сапардың қорытындысы бойынша брифинг өтеді

 Дәурен Ерболат 13.03.2023 | 16:57
Фото: news.un.org

Астанаға БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк келеді. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2023 жылғы 16-17 наурыз аралығында БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрктің Астана қаласына жұмыс сапары өтеді. Фолькер Тюрктің мемлекет және Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесулері жоспарланып отыр, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен брифингте.

Сондай-ақ Фолькер Тюрктің дәріс оқуы жоспарланған.

Жоғарғы комиссар биыл аталып өтетін Адам құқықтары жөніндегі дүниежүзілік деклерацияның 75 жылдығына және іс-қимыл жоспары бойынша Вена декларациясының 30 жылдығына арналған Қазақ мемлекеттік заң университетінде дәріс өткізеді.

17 наурызда БҰҰ ғимаратында сапардың нәтижесі бойынша қорытынды баспасөз брифингі өтеді», - деді Айбек Смадияров.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама