Рыбакина алғаш рет мастерс турнирінің жартылай финалына шықты

Дастан Жұмабекұлы

Енді теннисші финалға жолдама ашу үшін әлемнің бірінші ракеткасымен кездеседі

фото: Теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты.

Рыбакина ширек финалда әлемнің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен кездесті.

Қарсыластар осыған дейін 2019 жылы АҚШ ашық чемпионатында кездесіп, онда чехиялық спортшы 6:4, 6:4 есебімен жеңген еді.

Бұл жолы еліміздің бірінші ракеткасы тартысты өткен кездесуде 7:6 (7:4), 2:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кездеседі.