Ұлытау облысында жоғалған 7 адам табылды (ВИДЕО)

Динара Амантай

Іздестіру жұмыстарына ТЖД-ның жеке құрамынан 5 адам және 1 техника тартылды

Фото: Ұлытау обл. ТЖД баспасөз қызметі

Бүгін Ұлытау облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органның күштері және құралдарымен 7 адамды іздеу жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 11 наурызда мал іздеуге екі көлікпен 7 адам шығып, олар ауа-райына байланысты жолда адасып кеткен болатын.

Бұған дейін Ұлытау облысы ТЖД әлеуметтік желілерде тұрғындарға қолайсыз ауа-райы жағдайлары туралы ескерту хабарландырулар таратқан болатын.

Іздеу жұмыстарына Ұлытау облысы ТЖД-ның жеке құрамынан 5 адам және 1 техника тартылды.

Жоғалған адамдар Өлке қыстағынан табылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.