Іздестіру жұмыстарына ТЖД-ның жеке құрамынан 5 адам және 1 техника тартылды
Бүгін Ұлытау облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органның күштері және құралдарымен 7 адамды іздеу жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 11 наурызда мал іздеуге екі көлікпен 7 адам шығып, олар ауа-райына байланысты жолда адасып кеткен болатын.
Бұған дейін Ұлытау облысы ТЖД әлеуметтік желілерде тұрғындарға қолайсыз ауа-райы жағдайлары туралы ескерту хабарландырулар таратқан болатын.
Іздеу жұмыстарына Ұлытау облысы ТЖД-ның жеке құрамынан 5 адам және 1 техника тартылды.
Жоғалған адамдар Өлке қыстағынан табылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.