Әрине мұның бәрі қордалана береді, - деді ол
Қазақстан азаматтары Шенген елдерінде тәртіп бұзады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Біздің азаматтарымыз (осындай жағдайдың болуына) өздері ықпал етеді. Кейбір азаматтарымыз Шенген елдеріне барып, көлікті жалға алып, (тәртіп бұзса – автор) айыппұл төлемейді. Студенттер несие алады, төлемейді және елден кетеді. Әрине мұның бәрі қордалана береді. Сондай-ақ басқа да құқықбұзушылықтар болады. Шетелге барғанда сол елдің ережелері мен заңдарын сақтау керек, - деді ресми өкіл СІМ-де өткен брифингте.
Бұған дейін Айбек Смадияров Қазақстан Шенген визасын алудың «қара тізіміне» енді деген ақпаратқа түсінік берген еді.