Екі белбеуден бас тартқан Головкиннің келесі қарсыласы аталды

Халық үні

Головкин мен Хайме Мунгия арасындағы айқастың ықтималы артып келеді

фото: prosports.kz

Бразилиялық журналист Уилсон Балдини қазақстандық Геннадий Головкиннің WBA титулынан бас тартқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

GGG мұның алдында IBF белбеуін де бос қалдырған, енді Головкинде тек IBO титулы ғана бар.

«GGG орта салмақта WBA белебуінен бас тартты, өйткені Эрисланди Ларамен жекпе-жектің пайдасы мардымсыз деп ойлайды. Енді Головкин мен Хайме Мунгия арасындағы айқастың ықтималы артып келеді», - деп жазыпты ол Twitter желісінде.